ЖаңалықтарШымкент

Ата-аналар полицейлерге көрсеткен қызметі үшін шынайы алғысын білдірді

Екі жағдайда да жасөспірімдер ата-анасынан жасырын түрде кешкі уақытта ғашықтарымен серуендеуге шыққан. Үлкендер романтикалық қарым-қатынас орнатуға тыйым салған соң, жас қала тұрғындары осындай қадамға барған.

Тұран ауданының тұрғыны 15 жасар қызымен хабарласа алмай жатқанын айтып полицияға шағымданған. Біраз уақыттан кейін тәртіп сақшыларына тағы да осындай қоңырау түсті. Бұл жолы жоғалған жігіттің анасы дабыл қаққан.

Балаларды іздестіру жұмыстарына Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Қызметкерлер жастар көп жиналатын орындарды: саябақтарды, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды тексерді. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын қарап шықты. Нәтижесінде жасөспірімдер аман-есен табылып, отбасыларына қайтарылды.

Ата-аналар өз кезегінде полицейлерге көрсеткен қызметі үшін шынайы алғысын білдірді.

Жоғалғандардың барлығы 15 және 16 жастағы жасөспірімдер. Олардың ата-аналары балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, қайта оралмағаны туралы полицияға хабарлады.

Тәртіп сақшылары өтпелі кезеңдегі екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақыт ішінде аман-есен үйіне жеткізді. Мектеп оқушыларының бірі жай көшеде жүрсе, енді бірі жолдастарының үйінде қонақта болған.

Жеткіншектердің мұндай мінез-құлық көрсетуіне үлкендердің бақылауынан құтылып, қалаған нәрсесін істеуге ұмтылуы себеп болғаны анықталды.

Мәселен, жігіттердің бірі ғашық болғанын, бірақ анасы оған қызбен кездесуге тыйым салғанын жеткізді. Тағы бір бойжеткен бұл әрекетін ата-анасынан бөлек тұрғысы келетінімен түсіндірсе, енді бірі достарына кешке дейін сыртта жүруге рұқсат етілгенімен, оған рұқсат жоқ деп шағымданды.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Өз кезегінде ата-аналар полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарып, өзгенің басына түскен іске немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғыс білдірді.

Шымкент қаласы полиция департаменті ескертеді: баланың үйден өз бетінше кетуінің соңы қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ата-аналарға қырағы болу ұсынылады.

Back to top button