ЖаңалықтарШымкент

Шымкентте «Борышкер» іс-шарасы кезінде 9 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған шараға Әкімшілік, Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Патрульдік полиция полкі және Атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп заңмен белгіленген мерзімде төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жедел профилактикалық іс-шара барысында борышкерлерден қарыздары өндіріліп, 9 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-не сәйкес, тұлға айыппұл салынған күннен бастап 7 тәулік ішінде оның 50 пайызын төлеуге құқылы екенін еске салды. Бұған қоса, азаматтар электронды үкімет порталында айыппұлдарын онлайн тексеріп, төлей алады.

Кинотеатрға келушінің көлігін ұрлап кеткен Шымкенттік мас ер адам әкімшілік қамауға алынды. Әл-Фараби ауданының полицейлеріне қаладағы жеке кинотеатрлардың бірінің маңында тұрған Mercedes-Benz Sprinter көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Ауыр жұмыс күнінен кейін қалыңдығымен кино көруге бел буған қала тұрғыны көлігінің ұрланғанын біліп, бірден 102-ге хабарласқан.

Көлік ұрысын ұстауға №766 автоэкипаж бағытталды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полицейлерге ұрланған көліктің қозғалыс бағыты туралы хабарлап отырды. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талаптарына бағынбаған ер адам жасырынуға тырысып, газды басып отырған. Ол бірнеше минуттан кейін Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде ұсталды.

– Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның мас болғанын көрсетті. Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды-, дейді ППП-нің қызмет инспекторы Ғабит Әбдірахман.

Back to top button