Шымкент

Басты тақырып – қауіпсіздік

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері #63 жалпы білім беру мектебінің 7,8,9 сынып оқушылар арасында ашық сабақ ұйымдастырып, өткізді. Басты тақырып – қауіпсіздік.

Оқушыларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері еске салынды, жылыту маусымы қарсаңында улы және табиғи газдан улануды алдын алу өзекті тақырыптары да қамтылды.

Үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы сұрақ-жауап арқылы шығарылды және арнайы ескерту парақшалары таратылды.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы облыс аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту аспаптарының ақаулығына байланысты.
Тұрмыстық өрттердің ең көп саны жеке сектор объектілерінде тіркелген, онда қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Сонымен қатар, 57% – дан астам жағдайда өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және т.б.) орын алады. Көптеген өрттер балалардың отпен ойнауынан туындайды.
Шымкент қаласының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі тартпаңыз, тұрмыстық және басқа да техниканы пайдалану жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз, электр сымдарының оқшауламасы бұзылған аспаптарды пайдаланбаңыз.
Пәтерде өрт орын алған жағдайда жүргізілетін профилактикалық алдын алу іс-шаралары:

  • Үйде бензин, керосин, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз.
  • Ең болмағанда бір өрт сөндіргішті сатып алыңыз.
  • Қосылған электр және газ плиталарын, шәйнектерді, үтіктерді, қабылдағыштарды, теледидарларды, жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз.
  • Электр сымдарының, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз.
  • Бір розеткаға бірнеше тұрмыстық электр аспаптарын (әсіресе үлкен қуатты) қоспаңыз.
  • Ашық отта бояуларды, лактарды және т. б. жылытпаңыз.
Back to top button