Шымкент

Бақытты отбасы – ел тірегі

Ауызбіршілігі жарасып, өмірдің қызығы мен қиындығын қатар көріп келе жатқан отбасылардың үлгілі-өнегелі өмір жолдарын жастарға насихаттау – бізге парыз.

Мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау майоры Жақсылық Аманкулов және №7 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі азаматтық қорғау кіші сержанты Гаухар Байымбетовамен бірге екі ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау майоры Жақсылық Аманкулов:

  • Ұл бала жаспен емес, жауапкершілікпен өседі, сондықтан ұлды жастайынан өз ісіне, өміріне жауапты болуға, шаруға, іске икемді болуға баулу керек. Баланы жауапкершілікке үйрету үшін оған кейде шамасы келмейтін істерді де тапсырып отыру керек. Және өзіңіз қасында жүріп, қалай істеуге болатынын көрсетіп беруіңіз керек.
    Кейде балаңызға «еденді жуып қойшы» десеңіз, оның тап-таза қылып жууға шамасы жетпесе де, әйтеуір жауапкершілікті сезініп, соны істеп шығады. 6-7 жастағы ұл балаға «көлікті жуып шықшы» десеңіз, ол да шала жууы мүмкін. Бірақ шама-шарқы жеткенше тырысып, талпынады. Демек, бала тапсырманы орындауға, нәтижесін көрсетуге тырысады. Соған қарай әрекет жасайды. Міне, осы бір амалдар – оның шаруаға бейім, епті жігіт болуына жасалған алғашқы қадамдар екенін ескеріңіз. Балаңыз басында тапсырмаларыңызды шала орындауы мүмкін немесе дұрыс істей алмауы мүмкін. Бірақ дәл солай он рет, он бес рет істегеннен кейін ол әбден ысылып, әдіс-тәсілдерін біліп алады да, бірте-бірте жақсы істей бастайды. Икемі қалыптасады.
    Міне, сондықтан да үйде ол (яғни ұл бала) атқаратын жұмыстар, ол шешуі тиіс мәселелер болғаны дұрыс.

Отбасы дегеніміз – адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп өмір сүретін жанұялық ортасы. Сол ортада дүниеге келген балалар тәрбиесін қолға алып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мағыналы да мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік қатынаспен байланысқа түскен адамдар тобы. Отбасы адам баласының жанының тыныш табатын жайлы да құтты мекені. Сондықтан әрбір адам отбасының берік қалануы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, өзара татулық пен ынтымақтастықты үнемі дамытып, ерлі-зайыпты өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс орындаған жағдайда ғана нағыз отбасына айнала алары сөзсіз. Ата-бабаларымыз отбасының беріктігін сақтауда, ғасырлар бойғы салт-сана, әдеп-ғұрыпты, отбасылық дәстүрлерді мықтап ұстанғандықтан отбасы институты жоғары деңгейде көрініс бергендігін аңғара аламыз.

Back to top button