103″ қызметіне жазатайым оқиға туралы шақыру түсті
«103» қызметінен жазатайым оқиға туралы шақыру Қызыл Әскер трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 21.37 минутта келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел әрекет ету бригадасы шамамен 2 жастағы баланың қолы электр ет тартқышта қысылап қалғанын анықтады. Аға фельдшер Сабденов Сержан, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмек көрсетті.
«Оң қолдың бірнеше сынуы» диагнозы қойылған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, онда шұғыл әрекет ету бригадасы апаттық-құтқару жабдықтарын қолданып,баланың қолын босатты. Бұл кезде бала наркозбен ұйықтатылған еді. Қазіргі таңда ол жансақтау бөліміне жатқызылған.
Халыққа қызмет көрсету орталығындақысқа тұйықталу себебінен шыққан өрт сөндірілді. Шымкент қ.ТЖД «101» диспетчерлік қызметіне сағат 17:25-те Тұран ауданы, 196 орам мекенжайда орналасқан №2 мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндір бөлімдері орталық ғимаратының көлемі 65 ш.м. шатыры жанғандығын анықтады. Өрт сағ. 17:56-да оқшауланып, сағат 18:02-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан орын алды.
Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 74 қызметкері,17- техникасы жұмылдырылды.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 101 диспетчерлік басқару пультіне сағат 17:49-да Әл-Фараби ауд., Сасбұқаев көшесінде орналасқан ағаш есік жасау цехінде орын алған өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнында цехтің көлемі 200 ш.м. шатыры жанды. Өрт сағ. 18:26-да оқшауланып, сағ. 18.51-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына: ТЖД-дан (17-дана техника, 51-қызметкер) жұмылдырылды.