ЖаңалықтарШымкент

Халыққа қызмет көрсету орталығында қысқа тұйықталу себебінен шыққан өрт сөндірілді

Шымкент қ.ТЖД «101» диспетчерлік қызметіне сағат 17:25-те Тұран ауданы, 196 орам мекенжайда орналасқан №2 мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндір бөлімдері орталық ғимаратының көлемі 65 ш.м. шатыры жанғандығын анықтады.

Өрт сағ. 17:56-да оқшауланып, сағат 18:02-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.  Алдын ала болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан орын алды.

Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 74 қызметкері,17- техникасы жұмылдырылды.

Шымкенттік өрт сөндірушілер тағы бір адамның өмірін құтқарып қалды. Cағат 22.30 шамасында №2 өрт сөндіру бөліміне қыз бала келіп әкесінің қараусыз қалған ғимараттың 5-ші қабатынан секіргелі жатқанын айтып, өрт сөндірушілерден көмек сұраған. Қарауыл бастығы Марлен Сейілбек өрт сөндіруші Уалихан Жүсіппен бірге тез арада оқиға орнына барып, 5-ші қабаттан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған 1980 жылғы ер азаматты құтқарып қалды. Одан әрі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына қайтуына ықпал етті.

Өрт сөндірушілер құтқаруға асығады, көмек беруден аянбайды, өзге үшін өмірін тәуекелге тігеді. Олар әр минутын осы үшін арнайды. Мұны шымкенттік өрт сөндірушілер тағы да бір рет дәлелдей білді.

Төтенше жағдайды жойып ғана қоймай оның алдын алу жұмыстарымен белсенді жүргізетін №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері атап айтар болсақ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Бақдаулет Әлқадыр және өрт сөндіруші құтқарушы Ерғали Қуан осындай Қаратөбе тас жолы бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында пәтерлердің бірінің тұрғыны есігі жабылып қалып, ішінде баланың қалып кеткендігін айтып көмек сұрайды.

Өрт сөндірушілер еш ойланбастан көмекке асығып, үйдің екінші қабатына шығып қылтима арқылы пәтердің ішіне кіріп, есікті ашып, баланы әжесіне тапсырды. Ол осындай қиын сәтте қол ұшын берген өрт сөндірушілерге алғысын білдірді. Әрбір азаматтың қауіпсіздігін басты орынға қойып, құтқаруды мамандық етіп таңдаған қайсар жандар үшін тұрғындардың алғыстары еңбектірінің басты жеңісі!

Back to top button