Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып генерал-майор Қуанар Базарбаев тағайындалды, ол бұрын Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.
Қуанар Базарбаев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданы Қаратал ауылында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері»мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызметін өрт сөндірушіден бастады. Әрі қарай инспектор, өрт сөндіру кезекші қызметінің басшысы, өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы болып жұмыс істеді. 2015-2020 жылдары-Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің бастығы, 2020-2023 жылдары-Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Вице-министр Бауыржан Сыздықов Қуанар Базарбаевты тағайындалуымен құттықтап, мегаполис тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстардың күшейтілгенін атап өтіп, табыс тіледі.
Қазақстан Республткасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен, Шымкент Қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымына (кадр, тәрбие, идеология бағыты бойынша) азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Сейтбекұлы Қамбаров тағайындалды.
Бекзат Сейтбекұлы Түркістан облысы Келес ауданында 1978 жылы туылған. 2000 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралақ Қазақ-Түрік университетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Құқық қорғау органдарында 2004 жылдан бастап қызмет атқарады. 2012 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінде әртүрлі басшы құрам лауазымдарында қызмет атқарған.