Шымкент

Өрт сөндірушілер өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарып қалды

Шымкенттік өрт сөндірушілер тағы бір адамның өмірін құтқарып қалды. Сағат 22.30 шамасында №2 өрт сөндіру бөліміне қыз бала келіп әкесінің қараусыз қалған ғимараттың 5-ші қабатынан секіргелі жатқанын айтып, өрт сөндірушілерден көмек сұраған.

Қарауыл бастығы Марлен Сейілбек өрт сөндіруші Уалихан Жүсіппен бірге тез арада оқиға орнына барып, 5-ші қабаттан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған 1980 жылғы ер азаматты құтқарып қалды.

Одан әрі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына қайтуына ықпал етті.

Өз-өзіне қол жұмсау, қысқаша айтқанда өз-өзін өлтіру бүгінгі таңда  бізді депрессия мен стресс жайлап алған уақытта  сөзінің өзектілігімен санамызға қорқыныш ұялатады. Бұл көп жағдайларда оның алдын алу қиынға түсетін нәубеттің бір түрі. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себептер тіптен сол адамның жақындары мен туғандарына да жұмбақ болып қалады. Бұл жерде ең қорқыныштысы мұндай қатерлі жолға болашағы алда жастардың қадам басуы. Қазақстан Республикасында жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау соңғы екі онжылдықта көбейіп кеткен. Осы қайғылы тенденция қайдан бастау алып отыр? Ол жұмбақ. Балалар өлімнің қайтымсыздығын сезіне бермейді, олардың өмірлік тәжірибелері және өмір мен өлім арасындағы шекара шегінен еш хабарлары жоқ. Ересектер тарапынан балалар суицидінің механизімі мен себептерін түсінбеушілік байқалып жатады.

Өз-өзіне қол жұмсау қылық таныту – бұл суицидалдық белсенділіктің-ойдың, айтып салудың, қатердің, қастық қылудың  пайда болуы. Баланы өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себептер өте көп. Және олардың барлығыда біздің балаларымыз сияқты жекеше түрлі.

Өз-өзіне қол жұмсаудың алғашқы белгілерінде ата-ана жасөспірімнің мәселелерін, мазасыздануын  толық жауапкершілікпен түсініп, баламен әңгімелесуі қажет. Жасөспірім жоспар құрып, оны іске асыру ойы болса, ондай ойларын бағаламауға әстен болмайды.

Көп жағдайларда ата-аналар балаларының мәселелеріне аса зейін қоя бермейді.  Сондықтан ол жағдай жасөспірмдерді ойланбай әрекет жасауға итермелейді. Ересектер жағынан әрдайым қолдау көрсетілуі тиіс, әсіресе көңіл-күй дағдарысы кезінде. Ата-аналарға өз баласына мұқият назар аударуы керек, өйткені жасөспірім өз мәселесін, сезімін ашық айта алмауы мүмкін. Сол үшін кей сәттерде оны ашық әңгімеге тарту қажет. Өзіне қымбат жандармен байланысты барлық жағдайлардың зор маңыздылығы мен мағыналылығы бар екендігі жайлы ата-аналар ұмытпаулары қажет. Толық сеніммен жайлылық орнаған жерде ғана толық бақытты жанұя үшін керекті өмірлік атмосфера құруға болады.

 

Back to top button