Костенко шахтасынан соңғы қаза тапқан кеншінің дене бөлшектері табылды
Министрдің сөзінше, биыл 28 қазанда сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтада тереңдігі 700 метрде жану болып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. Ол жерге дереу Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Қарағанды филиалының күштері жіберілді.
«Авария кезінде ауысымда 252 кенші болды. Оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-і тау-кен құтқару күштерімен табылып, жер бетіне шығарылды. Іздестіру-құтқару барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-қаза тапқанның денесінің бөлшектері табылды. Қазір қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін қажет тиісті сараптамалар жүргізіледі. ДНҚ талдауы қажет болуы мүмкін», – деді Сырым Шәріпханов.
Министрдің айтуынша, адамдарды іздеу электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизмдердің болуымен қиындаған.