Жаңалықтар
Костенко шахтасындағы жарылыстан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Қарағандыда Костенко шахтасында болған жарылыстан зардап шеккен 10 адам ауруханада жатыр. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев олардың жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды basnews.kz.
«10 зардап шеккен адам медициналық мекемелерде бақылауда, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәрежеде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деді Бөлекпаев.



