Қарағандыда ер адам ота алдында салынған екпеден кейін көз жұмды
Ол үшін елдің өзге облыстарынан тәуелсіз мамандар шақыртылған. Марқұмның туыстарының сөзінше, «ЦЕФ-3» және «новокаин» препараттарына аллергиясы бары айтылғанына қарамай, екпе жасалыпты. Салдарынан ешқандай асқынусыз, тік ішекке жоспарлы ота жасатуға келген азамат тіл тартпай кеткен. Оның артында жары мен үш баласы қалды, деп хабарлайды «Хабар 24«.
«Ота кезінде асқынулар болмау үшін және профилактикалық мақсатта науқасқа бір дозалық ЦЕФ-3 дәрілік заты тағайындалады. Бірақ оның алдында отадан бұрын тері ішілік сынама жасалады. Оның қортындысы бойынша ол теріс болып бағаланады. Науқасқа ота алдында ЦЕФ-3 дәрісі салынған. Сот медициналық сараптамасының болжамы бойынша науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған». – деді ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ҚОФ бас маманы Ардақ Бейсова
Оқи отырыңыз