Қызылорда облысында мұғалім педофил деген күдікке ілінді
Egovpress Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл арада №176 мектеп қызметкері туралы сөз болып отыр.
«Кейбір дереккөздер Қызылорда облысының №176 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі төртінші сынып оқушысына қатысты педофил күдігіне ілініп, тергеу изоляторына тоғытылғанын хабарлайды» делінген хабарламада.
Аталған ақпаратқа қатысты Қызылорда облысының білім басқармасы түсініктеме берді.
«Тасбөгет ауылында №11 мектепте осындай мәселе көтерілген. Мектеп қызметкер өзі тарапынан ешқандай шектен тыс әрекет болмағанын айтады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мәселені анықтау үшін тергеу жүргізуде», – деп атап өтті ведомство Zakon.kz тілшісіне.
Облыстық білім басқармасы тергеу нәтижелері бойынша «тиісті шаралар қабылданатынын» нақтылайды.