BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда 25 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды basnews.kz.

Ауа райы болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын, негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел түрінде жауын-шашын болады.

«Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы басым жауын-шашынсыз болады, түнде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды деп күтіледі», – делінген хабарламада.

Back to top button