BasNewsЖаңалықтар
Рудный тұрғыны полицейді қаққаны үшін жазаланды
Рудный тұрғыны полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды basnews.kz.
Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.
22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі «Мүгедектерге арналған тұраққа» көлігін қойған. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған.
Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.