BasNewsЖаңалықтар
Алматы әуежайы түрік топ-менеджерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
5 қаңтар күні БАҚ-та Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті – әкімшілік департаменті басшысының орынбасары – Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты Алматы әуежайы жоққа шығарды, деп хабарлайды basnews.kz.
ҚазТАГ сайтында Алматы әуежайында түрік топ-менеджерінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
«Бүгін Алматы әуежайында есірткі ісіне байланысты тінту жүргізілді, әуежай басшылығы орналасқан штаб-пәтерде тергеу шаралары жүргізілді. Уфук Сертке қатысты сұрақтар туындап, ол ұсталды», – деп хабарлады жағдаймен таныс дереккөз деп жазды ҚазТАГ.
Алматы әуежайы түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталуына қатысты тергеумен ынтымақтасады.