Ресей Қазақстанға жұмыртқа жеткізуді арттыру туралы өтініш жасады
Ресей тарапы Қазақстанға сауда желілеріне тауық жұмыртқасын жеткізуді ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды basnews.kz.
Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук екіжақты сауданың өзекті мәселелерін талқылады.
«Ресей тарапы Қазақстанға Ресейдің сауда желілеріне тауық жұмыртқаларын жеткізуді арттыру туралы өтініш жасады. Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне мәселені қысқа мерзімде қарауды және қазақстандық өнімді Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына жеткізуді арттыру мүмкіндігін іздеуді тапсырды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде шешім қабылдауда икемділік қажет екенін атап өтті», – делінген хабарламада.