BasNewsЖаңалықтар
Депутаттар әріптесінің отставкасын қолдады
Мәжілісмендер Динара Шүкіжанованың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетін тоқтатуға дауыс берді, – деп хабарлайды basnews.kz.
Палатаның жалпы отырысында депутаттар бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына арыз берген Шүкіжанованың отставкаға кетуіне дауыс берді.
Динара Шүкіжанова 2023 жылы наурызда Respublica партиясынан Мәжілістің 8-шақырылымының депутаты болып сайланған. Сейсенбі, 23 қаңтарда Шүкіжанованың мандатын тапсыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.