BasNewsЖаңалықтар
Министрлік басшыларына халықпен кездесулер өткізу міндеттелді
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 17 қаңтардағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды basnews.kz.
Осылайша, орталық атқарушы органдар (Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктерін қоспағанда):
- жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша тоқсанына кемiнде бiр рет топ-менеджерлермен кездесулердiң кезеңдiлiгiмен жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткiзуге;
- халықпен кездесу өткізу үшін өңірді таңдау кезінде салалық проблемаларды және жергілікті жерде көтерілген мәселелерді ескеру;
- әлеуметтік шиеленістің болжанған немесе туындайтын тәуекелдері болған жағдайда бірінші басшылардың осы өңірдің халқымен кестеден тыс кездесулерін міндетті түрде өткізуін қамтамасыз ету;
- тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ақпаратқа қолжетімділік саласындағы уәкілетті органға өткізілген отырыстар туралы жиынтық ақпаратты жібереді.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне отырыстарды ұйымдастыру кезінде орталық атқарушы органдарды ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жасау тапсырылды.
Ақпаратқа қолжетімділік саласындағы уәкілетті орган мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- орталық атқарушы органдармен келiсiм бойынша 15 желтоқсанға және 15 маусымға дейiн үкiметке жарты жылда бiр рет халықпен кездесулер кестесiнiң жобасын келiсу үшiн енгiзедi;
- халықпен кездесулер өткізу тәртібін бекітеді және орталық атқарушы органдардың назарына жеткізеді;
- орталық атқарушы органдар басшылары өткізген кеңестердің қорытындылары туралы ақпаратты жарты жылда бір рет, 15 маусымға және 15 желтоқсанға дейін Үкімет Аппаратына ұсынсын.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.