BasNewsЖаңалықтар

Астанадағы ЖЭО-да компенсатор жарылды

Астанада 9 ақпан күні сағат 11:44-те реттеу жүйесінің істен шығуына байланысты ТА-4 өшірілді, деп хабарлайды basnews.kz.

«Астана энергия» АҚ хабарлауынша, соның салдарынан компенсатор жарылды.

«Бұл апаттық жағдай емес. Барлық олқылық жөнделді. Қазіргі уақытта ТА-4 жұмыс істеп тұр. Жүктемесі бұрынғыдай – 100мВат», – деп хабарлады «Астана энергия».

Сонымен бірге болған жағдай ЖЭО-2 жұмысына еш әсерін тигізбеген.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мұның апат емес екенін нақтылады.

Back to top button