BasNewsЖаңалықтар
Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау қашан өтетіні белгілі болды
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алғашқы тыңдауы дүйсенбі, 2024 жылдың 11 наурызында өтеді, деп хабарлайды basnews.kz.
Белгіленген күн сот кеңсесінің сайтында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
Сурет: office.sud.kz
2023 жылы 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында болды.
2024 жылдың 8 қаңтарында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.
Кейін Ішкі істер министрлігі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабымен қоса, «Азаптау» бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.
2024 жылдың 26 ақпанында Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді.