Бас прокурордың орынбасары Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі алқабилер «сатылмайтынына» кепілдік бар ма деген сұрақ қойылды, – деп хабарлайды basnews.kz.
Әсет Шындалиев мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік бар деп жауап берді.
«Егер алқабилер (айыпталушы – еск.) адамның мүддесі үшін келсе, тиісті жауапкершілік бар. Тіпті мұндай деректер анықталса, алқабилер алқасы таратылуы мүмкін», – деді ол.
Сондай-ақ, журналистер Шындалиевтен олар сот залына неге кіргізілмейтінін және Қуандық Бишімбаевты неге күшейтілген қарауылшы жасақ «қорғап» жүргенін сұрады.
«Қос қарауылшы, оған жолатпайды. Ол қорғаудағы алтын бала сияқты», – дейді журналистер.
«Сотталғандардың барлығы қарауылшымен кіргізіледі. Бұл тек Бишімбаев емес. Түсінесіздер ме, сот тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Сот ток-шоу немесе телешоу емес. Бұл сот, тәртіп болуы керек. Сізге тыңдауға мүмкіндік берілді. Экрандарға шығарды (трансляция – еск.), тікелей эфирде көрсетті. Болып жатқанның бәрін бақылай аласыз», – деп жауап берді Әсет Шындалиев.