BasNewsЖаңалықтар

Орал әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Су тасқынына байланысты Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, – деп хабарлайды basnews.kz.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялады.

«Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар», – деді облыс әкімі.

Back to top button