Қазақстанда +20°С-қа дейін жылынып, жауын-шашынның тоқтауы күтілуде
Үш күндік ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК мамандары ұсынды.
«Республика аумағының басым бөлігі бұрынғысынша ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райы басым жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде. +15+20°С болады деп болжануда», – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, республиканың қалған аумағында фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, жел күшейеді.
«Түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) күтілуде, 6 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Тұман. түнде және таңертең Қазақстан бойынша күтілуде», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда сәуір мен мамырда, сондай-ақ жазда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.