BasNewsЖаңалықтар
Димаш Құдайберген Евровидение байқауына Ресейдің атынан қатысатыны жайлы сыбыстарға жауап берді

«Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысамын. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын», – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.
Ол халықаралық аренада өз Отаны – Қазақстан атынан ғана шығатынын жеткізді.
«Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным – Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!», – дейді Димаш.
Айта кетейік, Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді.



