BasNewsЖаңалықтар
Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады
Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, – деп хабарлайды basnews.kz.
«2024 жылғы 22 сәуірде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.