BasNewsЖаңалықтар
Алматыда жылу маусымы қашан аяқталады

Алматыда жылу маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы қалалық Энергетикалық тиімділік басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.
«Жылу маусымын аяқтау бойынша карантинге байланысты көп азаматтарымыздан хат келіп жатыр. Кейбіреулер жылу маусымын соза тұруды өтінсе, кейбіреулер өшіруді сұрап жатыр. Коммуналдық меншік туралы ережеге сүйене отырып соңғы 5 күнде ауаның орта температурасы +8 градустан асса сенбіге таман жылу беруді тоқтатамыз», – деді Әсет Масабаев.



