BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында қалдықтарды қайта өңдейтін цех іске қосылды

Кешен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жылына 300 тоннадан асатын өнім өндіреді.

Түркістан облысын Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округінде «ND PLAST TURAN» тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу цехы ашылды.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қатысып, тың жобаға сәттілік тіледі. Кешен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жылына 300 тоннадан асатын өнім өндіреді. 1 гектар аумақта орналасқан нысанда 10 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған.

Елімізде қоқысты қайта өңдеу мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Жылына 5 миллион тоннадай тұрмыстық қалдық жиналса, оның 15 пайызы ғана өңделеді. Бұл өте аз. Сондықтан қоқыс өңдейтін кәсіпорын салу аймақтың экономикасы мен экологиясын жақсартуға үлес қосып жүрген саурандық кәсіпкердің ісі құптарлық

«ND PLAST TURAN» кәсіпорын басшысы Нұрислам Ебергенов алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отыр.

Back to top button