Сайрамда мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салынады
Түркістан облысы еліміз бойынша мақта дақылын өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда.
Мақта саласындағы негізгі түйіткілді мәселе – баға тұрақсыздығы. Себебі елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр. Республикда мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесінде мақта талшығының қайта өңделген көлемі 18% – дан аспайды. Мәселенің шешудің жолы – облыста мақта-тоқыма кластерін құру. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ауқымды жұмыстар басталды. Мақта — бағалы талшықты дақыл. Ол халық шаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең бастысы, мақта — тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мәселен, бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг тұқым және 30-40 кг қысқа талшық алынады. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар — бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда, 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады. Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, медицинада қолданылатын мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады. Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағыш және басқа да заттар алынады. Мақтаның тұқымында 20-25% дейін май болады, сондықтан 1 тонна шитті мақтадан 100-110 кг жоғары сапалы май алынады. Мақта майы тамақ, консерв, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мақтаның 1 тонна тұқымынан 400-420 кг күнжара алынады. Оның құрамында 40% -ға жуық ақуыз бар, сондықтан ол мал азығы үшін де пайдаланылады. Бірақ, күнжараның құрамында улы зат — госсипол болады, сол себепті оны тәулігіне 2-3 кг мөлшерінде ғана ірі қара малға береді, ал шошқаға беруге болмайды. Мақтаның 1 тоннасынан 380-400 кг тұқым қабығы шығады. Ол әтил, метил спирттерін, лак, қағаз, органикалық қышқылдар, целлюлоза және басқа заттар алуға пайдаланылады. Мақтаның сабағы (қоза) отын ретінде қолданылады. Отамалы дақыл болғандықтан, егіншілікте мақта дәнді және басқа даңылдарға жақсы алғы егіс болып есептеледі. Мақтаның ең жақсы алғы дақылы — жоңышқа қыртысы мен оның аударылған құйқасы. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады. Осының нәтижесінде топырақ құрылымы жақсарып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Сонымен қатар жоңышқа топырақты екінші рет тұзданудан сақтайды және мақтаның негізгі ауруы — солдырманы азайтады. Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан, Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отырғызуға тура келеді.
Өткен жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 басым бағыт белгіленген. Атап айтқанда, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу және мақта кластерін құру. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады. Түркістан облысында мақта – тоқыма саласында 75 зауыт – фабрика ашу жоспарланған.
Осы мақсатта, 2023 жылы Мақтаарал ауданында Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Жоба құны – 3 млрд. теңге. Жылдық қуаттылығы 60 мың тонна мақта талшығын шығару. Зауытта 80 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Өткен жылы мақта өңдеу зауыты 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Зауытты заманауи қытайлық технологиямен жарақтандырудың нәтижесінде, күніне 600-650 тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек, облыста бүгінгі күнге ҚХР, Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында «Global Textile Solution» ЖШС-нің құны 21 млрд. теңге құрайтын «Мақта-тоқыма кешені және логистикалық хаб құру» жобасы жүзеге асады. Жоба негізінде 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна. Ауқымды жоба 2026 – 2027 жылдары толық іске қосылады.
Сондай-ақ Жетісай ауданында «TST JETISAY TEXTILE» ЖШС-нің құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын жобасы жүзеге асып жатыр. Жылына 7500 тонна иірілген жіп фабрикасында 200 жаңа жұмыс орны құрылады.