BasNewsЖаңалықтар

«Turan» АЭА-да мақта кластерін дамытатын кәсіпорын құрылысы маусым айында басталады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында аймақта мақта кластерін дамыту, оған инвесторлар тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 1/3 осы дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 1/3 шитті мақта өсірумен айналысады.  Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары болып отыр. Қазақстанда жер кең. Бірақ мақта өсіретін аймақ оңтүстік қана. Бұл өңір бүкіл Қазақстандағы суармалы жердің ¼ бөлігін алып жатқанын ескерсек, осынау байлықтың бағасы мен мақтаның мүмкіндігін тиімді пайдалана білуіміз керек.

Мақта саласы бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері т.б. көптеген шет елдік мемлекеттер бәсекелес болып отыр. Өз еліміздің дүние жүзілік рыноктағы мақта талшығының дәрежесі төмендеп кеткен сияқты. Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Арнайы мақта тұқымы шаруашылықтарын ұйымдастыру барысында методикалық және өсіру экологиясы тұрғысынан ғылыми кеңес беріп келеді. Шаруа қожалықтары мен ірі өндіріс кооперативтеріне жаңа мақта сорттары технлогиясы және агротехникасы жөнінде ғылыми кеңес беріп, іс жүзінде көмек көрсетеді. Мұнымен қоса дүние жүзіндегі рынокта Қазақстан өзінің бәсекелестігін арттыру үшін мақта – жоңышқа ауыспалы егіс құрылымын ұсынады. Отандық мақта сортының түпнұсқалық (элиталық) тұқымдық шитін өндіріп, элиталық шарушылықтарға жеткізеді. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштарының енгізілу нормаларын әр жердің құнарлығына қарай анықтап ұсынады. Оңтүстік Қазақстан облысында “арнайы экономикалық аймағын” ашып, кластерлік жүйені қолдап отыр. Осы “Мақта кластерін” дамытуда елімізбен көршілес жатқан, бәсекелес елдің бірі Өзбекстан Республикасынан үйренетін тірлік көп. Көрші Өзбекстан мемлекеті экономикасының негізгі тірегінің бірі – мақта. Біз сияқты ол мемлекет талшықты су тегін шет елге сатып отырған жоқ. Тоқыма, тігін өндірісі ерекше дамыған. 1994-2004 жылдардың аралығында тоқыма тігін өндірісі мақтадан халық тұтынатын тауарлар өндіру көлемі 27,8 миллиард сумнан 473,4 миллиард сумға өскен. Республиканың қазіргі жағдайы мақтанарлықтай болғанымен қандай қиын жылдарда да олар мақтаныштары –мақтасының бетіне, беделіне дақ түсірмей келеді. Мақта шаруашылығының тірегі, сапалы талшықтың негізі-шит шаруашылығын біздегідей шашыратып алмаған. Тұқымдық элита – сапалы шитінен айрылмаған көршілер қазір мақта өндіріп, өңдеуге экспорттауда әлемде алғашқы ондықтың – Қытай, Үндістан сияқты

мемлекеттердің қатарында келеді.  Облыстың мақта зауыттарының жалпы өнім өндіру қуаты бір кезеңде (жылына) 370000 тонна мақта шикізатын өңдеуге есептелінген. Зауыттардың бұл қуаты бізде нақты бар және жобадағы мақта көлемдерін өңдеуге толық мүмкіндіктер береді. Фермерлер мақтаны сатып алушыларды өз таңдаулары бойынша белгілеуге құқылы. Төменгі сапалы мақта тапсырғанда 1 тонна мақтаның бағасы төмендегідей мөлшерге кемиді: 2 сортты — 5%, 3 сортты — 10%, 4 сортты — 20%, 5 сортты — 45%.

Бұл келтірілген формула бойынша есеп-қисап жасау, әрине, әрбір фермердің қолынан келе бермес, өйткені олардың қолында Ливерпуль мақта ассоцияциясының мақта шикізатына қойылған нақты бағасы қажетті мезгілде болмайды ғой. Екіншіден, мақтаны өңдеуге қажетті қызметтерге қандай жорамал бағаның қойылатындығын фермер біле алмайды. Үшіншіден, шикізаттық мақтаның сапа көрсеткіштері сатып алушының, яғни зауыт зертханасында анықталады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта кластерін құру бойынша жиын өткізді. Басқосуға «Tүркістан» ӘКК», «Turkistan Invest» ЖШС және «TURAN» арнайы экономикалық аймағының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барсында жаңадан ашылатын кәсіпорын жұмысы және оны инфрақұрылыммен қамту мәселелері қаралды. Нәтижесінде, келесі айдан бастап мақта кластерін дамытатын кәсіпорын өз жұмысын бастамақ. Жоба құны – 400 млн. АҚШ доллары. Өндіріс орнында 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұл – «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақтаның шитінен бастап, жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кезеңдерді толық қамтитын өндіріс орны болады.

Түркістан облысы – республика бойынша мақта өсіріп, өңдейтін жалғыз өңір. Өңірде 23 мақта өңдеу кәсіпорны бар. Олар жылына 100 мың тоннадан астам мақта талшығын өндіреді.

Айта кетейік, «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық жеңілдіктер беріледі.

Back to top button