Беріктік сынағы
2024 жылғы 21 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полицияның, Төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық департаменттерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен өңірлік тестілеу орталығының қызметкерлері үшін «Терроризм актісін жасау қатерлеріне алғашқы ден қою» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ барысында терроризм актісін жасау белгілерін анықтау, бұл туралы басшылықты, құқық қорғау және арнаулы мемдекеттік органдарды хабардар ету, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын міндетті түрде меңгеру, эвакуациялау жоспарларын зерделеу, жарылғыш құрылғыларды орналастыру орындарын анықтау бойынша ақпарат жеткізілді,. Штаттық оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың үлгілері көрсетілді, «күдікті» заттар табылған кезде бірінші кезектегі іс-қимылдар алгоритмі айтылды. Сабақ барысында өзекті мәселелер көтеріліп, мысалдар келтірілген.
Өңірлік тестілеу орталығының қызметкерлері өздерін қызықтырған біқатар сұрақтарға жауап алды.