BasNewsЖаңалықтар

Катон Қарағайды ашыңыз: таңғажайып өлке Қатон Қарағайда Берел трейлраннинг жарысы өтеді

2024 жылдың 27 шілдесінде Шығыс Қазақстан обылысының Берел ауылында бұрын соңды болмаған жаяу жүгіруден "Qaton-Qaragai Trail Running Races - 2024" жарыс өтеді.

Бұл спорттық іс-шара тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар, жастардың рухани дүниесін байытып, ел ішінде тарихи мұраларды насихаттауды мақсат етеді.

Жарысты ұйымдастырушылар ШҚО Қатон Қарағай әкімдігі мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Берел ауылының маңында өтетін 3 км., 5 км., 26 км. және 60 км. жарыс трейлраннингті сүйетіндерге ғана емес, сонымен қатар, еліміздің тарихын және мәдениетін құрметтейтін әрбір адамға арналған. Әуесқой спортшылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес бір дистанция таңдай алады.

Жарысқа қатысушылар 3 км. мен 5 км. қашықтыққты тегіс жолмен мұражайға дейін жүгірсе, 26 километрге жарысушылар Шұбарағаш ауылына дейін, ал 60 км. қатысушылар Рахман қайнарына дейін жүгіріп барып қайтады.

Жарысқа өтінім баргендер арасында халықаралық және республикалық жарыста жеңімпаз болып жүрген желаяқтар бар, олар Астана, Көкшетау, Семей, Қарағанды, Петропавл қалаларынан келеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақы беріледі. Желақтардың жастар санаты бойынша, әйелдер мен ерекетер арасында мраптталады.

Жарысты тамашалауға арнайы Астанадан, Семей мен Өскеменнен автотур аясында жанкүйерлер келеді.

Жарыс жайлы толық ақпаратты білу үшін: Рамазан Саттарұлы +77013906994

Back to top button