Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, – деп хабарлайды basnews.kz.
Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.
«Оның ішінде ерлер – 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер – 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.
АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында тұрады.
Сондай-ақ, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінгені белгілі.
Айта кетейік, жақында Қазақстанға «АИТВ жұқтырғандар» терминінен бас тарту ұсынылды. «АИТВ жұқтырған адам» дегеннің орнына «АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адам» деп жазуды ұсынады. Бұл өзгеріс БҰҰ-ның АИТВ мәселелері бойынша құжаттар мен заңнамада терминологияны қолдану жөніндегі ұсынымдарына сәйкес енгізіліп отыр.