BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылады

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бой көтерді. Оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетуге бағытталған.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс алаңында болып, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Орталықтың техникалық базасына басты назар аударып, сапалы жиһаздармен жабдықтауды тапсырды. Кешеннің жайлы болуына барынша күш салуды, көгалдандыруды жүктеді.

Сауықтыру орталығы бір мезетте 200 адамға медициналық, педагогикалық еңбекке баулу бағыттарында қызмет көрсетуге қауқарлы.

Ғимараттың жалпы көлемі – 12,8 мың м2

3 қабатты ғимараттың материалдық-техникалық базасы толық жабдықталады. Әлеуметтік орталық қазан айынан бастап штаттық режимде жұмысын бастайды деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Дархан Амангелдіұлы Түркістан қаласында салынып жатқан жайлы мектептің құрылыс алаңында болды. Жауапты басшылармен жүздесті. Құрылысқа жауаптыларға жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асыруды, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 63 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде биыл 29 мектеп, 2025 жылы 34 мектеп пайдалануға берілмек.

Back to top button