BasNewsЖаңалықтар
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, – деп хабарлайды basnews.kz.
Отырыс 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтеді.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласында 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын», – делінген өкімнің мәтінінде.
Қыркүйекте Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады.