BasNewsЖаңалықтар
Қызылордада «Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ» жастар акциясы өтті
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті орталық алаңда облыс студенттермен және жастар ұйымдары белсенділерінің қатысуымен «Қауіпсіз орта – қауіпсіз болашақ» жастар акциясын өткізді.
Іс-шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құмар ойындарының және синтетикалық есірткі мен вейптың кең таралуын болдырмау жене алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.
Акция барысында психолог, жастар көшбасшылары тарапынан түрлі кеңес берілді. Тәуелділік себептері мен салдары тақырыбында «Сенімен Болашақ» Республикалык қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психологы Ж.Баянова түсінік берді. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.