BasNewsЖаңалықтар

АЭС: Халықтық штаб өкілдері «Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабтың мүшелері «Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті.

“Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну деңгейі 152,4 млрд кВт/сағатқа жетеді екен. Ал бізде жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағат энергия өндіреді. Екі ортадағы тапшылықты Ресейден алып жауып отырмыз. Былайша айтқанда солтүстік көршімізге энергетикалық тұрғыда тәуелдіміз. Бұл бір жағы қауіпті құбылыс, оларда қандай да бір төтенше жағдай болар болса, біз де зардап шегуіміз мүмкін. Сондықтан бұлай жалғаса беруіне болмайды”,- дейді ҮМЗ АҚ ғылыми орталығының бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Кылышканов.

Сондай-ақ жиында АЭС қоршаған ортаға пайдасы мен зияны, мүмкіндіктері, АЭС апаттарды жоюға қажетті ресурстар мен біліктілік мәселесі талқыланды.

Back to top button