АЭС салу еліміздің энергия мүмкіндіктіктерін арттыратын жаңа бағыт
АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері дамыған державалар жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алды. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін арттыру көзделуде. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық түсіну қажет.
Ресейлік осы саланың ғалымы Р.Алиев АЭС-тегі жағдайды авиациялық жағдаймен салыстырып, түсінікті мысал көрсеткен еді. Әуе кемесіндегі орын алған апат туралы барлығы естіп-білгенмен, күнде қаншама рейс ұшырылады. Сонда да ұшақ ең қауіпсіз көлік түріне айналған. АЭС-тен бас тартқан елдерде осы мәселеге қатысты қорқыныш әлі де бар. Мысалы, Чернобыльде болған жағдайдан кейін Италия АЭС құрылысына тыйым салған. Ал Фукусима апатынан кейін Жапония елдегі көптеген стансаның жұмысын тоқтатты. Германия да атомнан бас тартты. Бірақ Ресей, Қытай, Франция, АҚШ елі әлі күнге дейін АЭС құрылысын жалғастырып, оларды пайдалануға ерекше ұмтылып отыр. Ұлыбританияда жаңа 20 энергетикалық блок салу жоспарланған, жаппай электр мобильге көшу мәселесі қолға алды. Елімізде баламалы энергия көздерін өндіруге ниетті. Сондықтанда бұл мәселе ел талқысына түсіп, 6 қазанда өтетін референдумда өз шешімін таппақ.
НҰРЛАН Ахметов ЭКОЛОГИЯ ҒЗИ БАСШЫСЫ