BasNewsЖаңалықтар

«Сұлу Сырдан – ару Алматыға»: Қызылорда облысының Алматы қаласындағы өнер күндері аясындағы гала-концерт басталды

Алматы қаласындағы Республика сарайында «СҰЛУ СЫРДАН-АРУ АЛМАТЫҒА» атты өнер шеберлерінің гала- концерті басталды.

Сыр өнерпаздары алматылық көрермен назарына халық әндерін, жыраулық өнер мұрасын, классика және эстрада жанрындағы музыкалық туындыларды ұсынады.

Ертең Құрманғазы оркестрінің концерт залында «ЖЫР – ҚАЗЫНА, КҮЙ – КҮМБЕЗ» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылмақ.

Еске салсақ, өткен жылы Сыр өнерпаздары Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері аясындағы концерттік бағдарламасымен елордалықтардың ыстық ықыласына бөленді. Бастаманың жалғасы ретінде өңірдің өнер шеберлері Алматыға шақырту алған болатын.

Back to top button