Алматы облысы көлік инфрақұрылымын нығайтуда
Алматы облысында жол инфрақұрылымын жақсарту және көлік жүйесін дамыту бойынша жобалар белсенді жүзеге асырылуда. 2024 жылы 5,4 шақырым жаңа жол салынды, 143,2 шақырым жолға орташа жөндеу және 2,4 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Маңызды қадамдардың бірі – «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 мектепке кіреберіс жолдардың салынуы. Бұл тұрғындар мен оқушылардың ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жол жамылғысын шамадан тыс жүктемеу және оның пайдалану сапасын сақтау үшін екі автоматтандырылған салмақ өлшеу станциясы орнатылды.
Аймақтағы жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 90 000 шаршы метр жолға шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 200 шақырым жолға жолақтар салынды және жаяу жүргіншілер өткелдері жасақталды. Заманауи жаңғырту аясында 946 жаңа жол белгісі, 29 стробоскоп және 9 бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар, 4 шақырым металл қоршаулар қойылып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырды. Бірлескен рейдтердің нәтижесінде 76 құқық бұзушылық анықталып, тасымалдау саласындағы бақылау күшейтілді.
Қоғамдық көлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бір жыл ішінде облыстың автопаркі 44 жаңа автобуспен толықты, оның 27-сі Қазақстанда шығарылған. Бұл Индустрияны дамыту қорының лизингтік бағдарламасы арқылы жүзеге асты. 47 елді мекенді қамтитын 18 жаңа ауданаралық және бір өңіраралық маршрут ашылды. Алдағы жылдары көлік құралдарын жаңарту жалғасын табады. Бұл аймақ тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасайды.
2025 жылға 5 көпірді күрделі жөндеу және автомобиль жолдарының құрылысы жоспарланған. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 126,2 шақырымына орташа жөндеу, 26 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілмек. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында және апатты көпірлерді күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Мамыр айында жергілікті бюджетті бөлу бойынша өтетін отырыста тиісті бюджет өтінімі жолданатын болады.
Алматы облысы көлік инфрақұрылымын нығайтуда
• 2024 жыл:
o 5,4 шақырым жаңа жол салынды.
o 143,2 шақырым жолға орташа жөндеу, 2,4 шақырымға күрделі жөндеу жүргізілді.
o «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 мектепке кіреберіс жолдар жасалды.
• Жол қауіпсіздігі:
o 90 000 шаршы метр жолға шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
o 1 200 шақырым жолға жолақтар салынды.
o 946 жол белгісі, 29 стробоскоп, 9 бағдаршам орнатылды.
o 4 шақырым металл қоршаулар қойылды.
o 76 рейд өткізіліп, құқық бұзушылықтар анықталды.
• Қоғамдық көлік:
o Облыс автопаркі 44 жаңа автобуспен толықты, оның 27-сі Қазақстанда өндірілген.
o 18 ауданаралық және 1 өңіраралық маршрут іске қосылды, 47 елді мекен қамтылды.
• 2025 жылға жоспар:
o 5 көпірге күрделі жөндеу жүргізу.
o Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу:
126,2 шақырым – орташа жөндеу.
26 шақырым – күрделі жөндеу.