Жаңалықтар

Tarlan Payments бизнестің төлем шығынын 2 есе төмендететін платформаны іске қосты

 

Tarlan Payments финтех-компаниясы бизнеске төлем шығынын азайтып, оңтайландыруға мүмкіндік беретін Tarlan xSolutions платформасын ұсынды. Бұл құрал төлем провайдерлеріне күрделі техникалық жолмен қосылуды, бірнеше қайтара келісуді азайтады.

Шағын және орта бизнесте интернет-эквайринг қызметінің қымбат болуы, төлем шешімдерін кіріктірудің күрделілігі және түрлі банктермен келісім-шарт жасау қажеттілігі сияқты мәселелер туындайды. Tarlan xSolutions қаржылық және төлем сервистеріне XaaS түрінде (Anything-as-a-Service) бірегей қосылуды ұсына отырып осы мәселелерді шешеді. Соның нәтижесінде компанияларда банктердің төлем инфрақұрылымымен бір платформамен жұмыс істеуге, ал банктерде клиенттерге арналған тауар және қызмет ақысын төлеу сервисінің сапасын жақсартуға мүмкіндік болады.

Бизнеске арналған комиссия дәстүрлі агрегаторларға қарағанда 2 есе дерлік төмен, соның нәтижесінде төлем жүргізуге кететін шығыс төмендеп, қолдану бұрынғыдан да тиімді бола түседі. Платформа қазірдің өзінде Halyk Bank, Jusan, Kaspi, Банк ЦентрКредит, Forte Bank және Еуразиялық Банк жүйелеріне кіріктіріліп, банк экожүйелері арқылы төлем сервистеріне қосылуды қамтамасыз етеді.

«Біз компанияларға шығысты азайтып, төлем шешімдерін іске қосуды жылдамдату үшін банк инфрақұрылымына бірегей қосылуды ұсынамыз. Бұл – Қазақстандағы төлем экожүйесін дамытудағы маңызды қадам», – дейді Tarlan Payments CEO Андрей Седенко.

Өз қосымшалары аясында жұмыс істейтін дәстүрлі агрегаторларға қарағанда Tarlan xSolutions платформасы клиенттері бар банк экожүйелеріне тікелей қосылады. Мұндай әдіс компанияларға маркетплейс түрінде де, банк экожүйелерінің ішіндегі толыққанды қосымшалар түрінде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алғашқы қосылған компаниялар қатарында Алматы мен Астанадағы көлік тұрағының ақысын төлеу, Gourmet тағам жеткізу сервисі және «Давай Сходим» іс-шаралар агрегаторы бар.

 

Компания туралы:

Tarlan Payments – бизнестің дамуына арналған кешенді және кіріктірілген шешімдер ұсынатын қазақстандық Fintech-компания. Ай сайын бұл жүйе арқылы 20 миллионнан астам транзакция өтеді.

 

Back to top button