Шығыс Қазақстанда «Көктем-2025» РКШЖ-дын 2-ші күні өтуде

«Көктем-2025» РКОЖ қатысушыларының алдында су өткізгіш құрылыстарды, арықтарды, автомобиль және темір жол көпірлерін мұз жүруді өткізуге, қорғаныс бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарды нығайтуға, елді мекендердің аумағын үйіп тастауға, инертті материалдарды дайындауға, су тасқыны кезеңінде халықты хабардар етілді, зардап шеккен адамды орналастыру пункттерін құрылды.
Кеңейтілген жедел штабта су тасқыны жағдайындағы жағдай бойынша жедел топ басшыларының, аудан әкімдіктері мен азаматтық қорғау қызметтері басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Облыста өтіп жатқан оқу-жаттығулар барысында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және жеке үйлерді су басу шартты түрде орын алған Жетісу облысына көмек көрсету үшін теміржол платформаларына инженерлік техниканы тиеу пысықталды.
«Облыста жедел әрекет ету үшін су тасқыны қаупі төнген кезеңде жеке құрамның 2516 адамы, 240 мотопомпалар, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 42 жүзу құралдары, сондай – ақ 940-тан астам техника топтастырылды», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
РКШУ қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізілді, авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына баға берілді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі