Жаңалықтар

Бүгін Қаражал қаласында «Азия және Океания Чемпионаты – 2025» халықаралық додасында (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) топ жарған жерлесіміз Константин Голяткинді салтанатты түрде қарсы алдық.

 

➤ Жеңімпаз спортшыны қала әкімі Айқын Елеусізов арнайы құттықтап, 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатты табыстады.

Ұлытау облысының намысын қорғаған спортшылар чемпионатта жалпы 6 алтын, 3 қола медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.

Константин Голяткинді және өңір намысын абыроймен қорғаған барша спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

 

 

Back to top button