Жаңалықтар

«Айбын–2025»: Ұлытау төрінде ел рухын көтерген әскери-патриоттық жиын өтуде

 

Бүгін Ұлытау облысында жастардың патриоттық рухын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Айбын–2025» әскери-патриоттық жиынының ашылу салтанаты өтті. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа облыстың әр өңірінен келген жалынды жастар қатысып, әскери дағдылары мен физикалық дайындықтарын сынға салды. Жүгіру, граната лақтыру, арқан тарту, қаруды бөлшектеу және жинау сынды жарыстарда шымырлық пен шеберліктерін көрсетпек.

Салтанатты жиын барысында құттықтау сөз сөйлеген Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев пен облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы, подполковник Ержан Жұманов жастарға сәттілік тілеп, ел тыныштығын сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін ерекше атап өтті.

Жиынның басты мақсаты – жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және Қарулы Күштердің беделін арттыру. Бұл сайыс – тек жарыс қана емес, ол – рухтың, бірліктің, ерік-жігер мен төзімділіктің мектебі.

«Айбын–2025» – жастарды елжандылыққа баулып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыратын маңызды алаң. Мұндай шаралар – ел болашағының берік негізін қалауға бағытталған игі бастамалар

Back to top button