«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы Қазақстандағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Жобаның басты мақсаты – оқушылар мен педагогтар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи оқу жағдайларын жасау, сонымен қатар жайлы атмосфера қалыптастыру.
Шығыс Қазақстан облысында аталған жоба аясында 2024 жылдың соңына дейін 2100 орындық бес мектеп құрылысы аяқталды. Бұл оқу орындары Шемонаиха, Риддер, Өскемен (Увалиев және Тимофеев көшелері) қалаларында және Белоусовка кентінде салынды. Барлық мектептерде оқу үдерісі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталды.
Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында облыс бойынша 900 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда: бірі – 300 орындық мектеп Опытное Поле ауылында (мердігер – «ФирмаАзия» ЖШС, дайындығы – 89%), екіншісі – 600 орындық мектеп Өскемен қаласындағы Есенберлин даңғылында (мердігер – «AST Qurylys 22» ЖШС, дайындығы– 68%).
Бүгінгі күні Опытное Поле ауылындағы мектепте ішкі әрлеу жұмыстары, ішкі инженерлік желілерді жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Құрылысы жұмыс кестесіне сай жүргізілуде: нысанды аяқтау ағымдағы жылдың 30 маусымына жоспарланған.
«Жайлы мектеп» жобасы өңірдегі білім беру кеңістігінің келбетін айтарлықтай өзгертіп отыр. Заманауи мектептер сапалы білім беруге ғана емес, әрбір оқушының қабілетін ашуға да мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл білім нәтижелері мен оқу процесіне қатысушылардың қанағаттанушылық деңгейіне оң әсер етіп, келер ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.