Жаңалықтар

Ең бастысы – демалушылардың қауіпсіздігі

 

ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Агажаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен көшпелі брифингте жазғы кезеңдеоблыс әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс бойынша жаппай демалуға арналған 25 учаске анықталғанынайтты.

Облыстық мәслихат сессиясының шешіміменшомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орынанықталды. Өткен шомылу маусымында облыс суайдындарында ШҚО ТЖД қызметкерлерімен 23 адамқұтқарылды, оның ішінде 4 бала, рұқсат етілмеген жерлерде шомылған 4 адам суға батып кетті, оның 1-ібала. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептеріабайсыздық, жабдықталмаған жерлерде шомылу,балаларды қараусыз қалдыру, жүзе алмау болды.

Жағажай су қоймаларын зерттеу ерекше назар аударады. ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, балаларлагерлері мен демалыс базаларының иелері шомылумаусымы басталғанға дейін оларды су айдындарындағықауіпсіздік ережелеріне сәйкес келтіру бойынша барлықіс-шараларды өткізуі қажет-акваторияның түбінтексеріп, құтқарушы-жасақтарды оқытып, медициналыққұтқару бекеттерін құрып, арнайы қалқымалар менескерту белгілерін қойып, балалар орындарынжабдықтау қажет.

ШҚО ТЖД құтқарушылары демалушылардышомылу үшін тек жабдықталған шомылу орындарынтаңдауға, су айдындарындағы тыйым салу белгілеріне назар аударуға шақырады, өйткені бұл жерлерде қаттыағыс, шұңқырлар бар. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы» ҚР кодексінің баптары бойынша әкімшілікжауапкершілікке тартылатын болады: 364 – жалпы супайдалану ережелерін бұзу және 412 – су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесеорындамау.

Шомылу маусымы қарсаңында балалардыңқауіпсіздігіне ерекше назар аударылады, нұсқаулықтарөткізіледі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесібойынша оқыту бейнероликтері таратылады, облысмектептерінің оқушылары үшін интерактивті сабақтарұйымдастырылады.

Брифинг соңында құтқарушыларсуға батып бара жатқан адамға қалай көмек көрсету керек, ал Апаттар медицинасы орталығыныңдәрігерлері реанимациялық іс-шараларды қалай өткізукеректігі туралы мастер-класс өткізді.

Back to top button