BasNews
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ!

Комиссия отырысының шешімі бойынша, күзгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынын жеткізуші оператор анықталды.
🔹 Егін жинау науқанына 14 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен 14 өтінім келіп түсіп, жалпы көлемі 428 тонна дизель отыны бөлінді.
🔹 Бұл отынды облысқа жеткізетін оператор ретінде «Petro-retail» ЖШС белгіленді.
🔹 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін дизель отынының бағасы литріне 254 теңге көлемінде бекітілді.
Бұл – нарықтағы бағадан едәуір төмен, қазіргі таңда жанар-жағармай бекеттерінде дизель отынының орташа бағасы 315 теңгені құрайды.
Бұл — алда келе жатқан науқанды табысты әрі уақытылы өткізуге мүмкіндік береді.
Барлық ауыл еңбеккерлерін осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамыз!