BasNews

📌2025 жылдың 19-25 шілде аралығында Петропавл қаласында өткен – дәстүрлі 🏹садақ атудан жасөпірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ұлытау облысы жалпыкомандалық есепте жаттықтырушы бапкерлер Бекетаев Сағынғали,Қалманбай Ғалымжанның бастауымен 1 орын иеленді! 🏆

Жеңіс қоржынында:

🥇 5 алтын

🥈 1 күміс

🥉 5 қола

Атап айтсақ:

 

1. Марат Жансұлтан 🥇орын қалқан нысанасы және 🥇орын пута нысанасы бойынша.

2. Самат Бейбарыс 🥇орын пута нысанасы.

3. Құрманғали Райхан 🥇орын пута нысанасы.

4. Нәрік Медина 🥇орын орта Азия нысанасы.

5. Рахымтай Аяулым 🥈орын жамбы нысанасы.

6. Аманжан Салим 🥉орын пута нысанасы және 🥉 орын қалқан нысанасы.

7. Нәрік Медина 🥉орын жамбы нысанасы.

8. Ағзамсофа Айсель 🥉орын пута нысанасы.

9. ⁠Жолдыбаев Ержан 🥉орын жамбы нысанасы бойынша.

 

Марат Жансұлтан және Аршабекова Айша жарыс барысында болуы мүмкін 125 ұпайдың максималды түрде жинап, 10-15 тамыз айының аралығында Ақтау қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

 

 

Жас мергендеріміз Республикалық чемпионатқа арнайы облыстық іріктеуден өткен спортшылар. Садақ ату спортының бапкерлері Бекетаев Сағынғали мен Қалманбай Ғалымжанның нұсқауымен Жаңаарқа ауданында және Жезқазған қаласында дайындалады.

 

 

Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button