Жаңалықтар
Семей – Қарауыл бағыты бойынша 180 шақырымдық ультрамарафон

Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ерекше спорттық шара – ультрамарафон басталды.
Айтулы жарыс Семей қаласы мен Қарауыл төбенің арасын жалғайтын 180 шақырымдық қашықтықта өтпек.
Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген 100-ден астам кәсіби және әуесқой спортшылар қатысуда. Бұл спорттық дода екі жас санатында өткізіледі:
40 жасқа дейінгі қатысушылар
40 жастан асқан қатысушылар
Жалпы жүлде көлемі 12 000 000 теңгені құрайды. Ең үздік спортшы JETOUR X50 автокөлігін иеленеді.
Ультрамарафон барысында спортшылардың жағдайы жіті ескерілген: әр 10 шақырым сайын арнайы 17 тамақтану пункті қойылып, марафон соңында қалпына келу аймақтары дайындалады.