Жаңалықтар
Ұлытау облысы Жезқазған қаласындағы Наурыз саябағында Абай ескерткіші маңында концерт пен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Аналар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіп, оның қазақ мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесін құрметпен еске алды.
Концерттік бағдарламада ұлттық әндер, билер және Абайдың өлеңдері орындалып, шара халқымыздың бірлігі мен мәдени әртүрлілігін паш етті.
#Абай180жыл
#Abai180
#Ұлытауоблысы