BasNews

Ұлытау облысында бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық қауіпсіздік деңгейі артуда

Ұлытау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық тәртіпті сақтау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында бейнебақылау жүйесі кеңінен қолданылып келеді.

 

Бүгінгі таңда облыс аумағында 3389 бейнекамера орнатылған, оның ішінде:

 

Жезқазған қаласында – 2304,

 

Сәтбаев қаласында – 898,

 

Ұлытау ауылында – 64,

 

Жезді кентінде – 7,

 

Қаражал қаласында – 11,

 

Жайрем кентінде – 15,

 

Қызылжар кентінде – 5,

 

Жаңаарқа кентінде – 85.

 

Барлық бейнебақылау құралдары Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы Жедел басқару орталықтарына, сондай-ақ аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне тікелей қосылған. Бақылау тәулік бойы жүргізіліп, арнайы автоматтандырылған жұмыс орындары арқылы жүзеге асырылады.

 

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін өңірде 187 аналитикалық бейнекамера орнатылды. Оның ішінде:

 

106 аппараттық-бағдарламалық кешен,

 

Жылдамдықты өлшеу – 34,

 

Мемлекеттік нөмірді тану – 58,

 

Жол қиылысындағы құқық бұзушылықтарды тіркеу – 8,

 

Жаяу жүргінші өткелдерін бақылау – 6.

 

Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орындарында – 60 бейнебақылау кешені

(әр кешенде 1 тұрақты және 1 аналитикалық камера)

 

Бет әлпетті тану функциясы бар – 21 интеллектуалды камера орнатылған.

 

Аталған бейнебақылау жүйелері қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың жедел алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

 

Ұлытау облысының құқық қорғау органдары заманауи технологияларды енгізу арқылы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button